Инфаркт миокард казакша

Инфаркт миокард казакша

  • 26-07-2019
  • 0 Просмотров
  • 0 комментариев
  • 0 Рейтинг

Миокард инфарктісі дегеніміз — жүректің б±лшыќетті қабатының ишемиялыќ некрозы. Оныњ клиникалық бейнесіне электр-кардиографиялыќ өзгерістер және ферментемия тән. Ол, әдетте, ќызыл кемерлі ишемиялық (аќ) инфаркт болады.

Классификациясы мен патологиялық анатомиясы. Миокард инфарктісі: 1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына, 3) қамтыѓан көлеміне және 4) даму барысына (аѓымына) қарай жіктеледі.

Миокард инфарктісі дегеніміз — мерзімдік ±ѓым. Оның даму мерзімі ишемия басталѓан сәттен 8 аптаѓа созылса, алѓашќы (первичный) инфаркт деп аталады.

Егер алғашқы (жедел) инфаркт басталѓан сәттен кейін 8 апта өткен соң, таѓы бір жаңа инфаркт ошағы дамыса, ол — ќайталанѓан (повторный) инфаркт деп аталады. Ал, алғашқы (жедел) инфарктінің даму барысында, яғни 8 аптаның ішінде, таѓы да жаңа инфаркт пайда болса, ол — ќайталамалы (рецидивирующий) инфаркт.

Инфаркт көбіне жүректің ±шында, сол жақ ќарыншаның алдыңѓы іргесі мен бүйірінде, қарыншааралыќ перденің алдыңѓы бөлімінде дамиды. Б±л аймаќтар сол жаќ тәждік артерияныњ ќарыншааралыќ алдыњѓы тарамы арқылы қоректенеді. Тап осы тарамға, әдетте, күш көп түседі, оны атеросклероз жиірек шалады. Ал, сол жаќ қарыншаның артқы іргесі мен қарыншааралық перденің артқы бөлігінде инфаркт сиректеу. Б±л жерлер сол жаќ тәждік артерияныњ айналып µтетін тарамынан нәр алады. Егер атеросклероздан сол жаќ тәждік артерияныњ негізгі сабаѓы мен екі бірдей тарамы да тарылса, миокардта ауқымды инфаркт дамиды. Оң жақ қарынша мен жүрекшелерде инфаркт сирек байқалады.

Инфарктінің топографиясы мен көлемі белгілі бір артерияның зақымдалу дәрежесіне ѓана емес, жүректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігіне (типіне) де байланысты. Ж‰рек сол жақ тәждік артерия (сол жақтық тип), оң жақ тәждік (оң жақтық тип) немесе ортаңѓы тәждік (ортаңѓы тип) артериялардың бірі арқылы басымырақ қоректенуі мүмкін. Көбіне сол жақ немесе оң жақ тәждік артерияның қызметі басымырақ болады. Ал, атеросклероз, әдетте, жақсырақ қалыптасќан єрі күш көбірек түсетін артерияларды зақымдайтыны белгілі. Сол себепті миокард инфарктісі де көбіне сол жаќтық немесе оң жаќтық типте өрістейді. Жүректің қанмен ќамтамасыз етілуінде осындай ерекшеліктер болатынын ескерсек, сол жақ тәждік артерияның төмен баѓытталѓан тарамында тромб түзілген кезде инфарктілер неліктен жүректің әр жерінде (сол ќарыншаның алдыңѓы немесе артқы іргесінде, қарыншааралық перденің алдыңғы яки артқы бµлімінде) қалыптасатыны да түсінікті.

Инфарктінің көлемі тәждік артериялардың атеросклероздан тарылу (стеноз) мөлшеріне, айналма жолдар (коллатералдар) арќылы ќанмен ќамтамасыз етілу м‰мкіндігіне, артерияның негізгі сабаѓыныњ ќай жері (тромбымен, эмболмен) бітелгеніне және миокардтќа ќаншалыќты к‰ш т‰скеніне байланысты. Гипертония ауруыныњ салдарынан б±лшыќетті қабаты қалыњдаған жүректе дамыѓан инфарктінің көлемі көбіне үлкен болып, тромбымен бітелген артерия қоректендіретін атраптан ауқымдылау келеді.

Миокард инфарктісі б±лшықетті қабаттың әр жерінде дамуы мүмкін: эндокардтың астындағы инфаркт — субэндокардылық инфаркт деп, эпикард астындаѓы — субэпикардылық инфаркт, б±лшыќетті қабаттаѓы — интрамуральдық инфаркт деп, ал жүректің үш қабатына түгел жайылған инфаркт — трансмуральдыќ инфаркт деп аталады. Некрозды ошақ сыртқы қабатты жайласа (инфаркт субэндокардылыќ жєне трансмуральдыќ болып), оѓан жауап ретінде эндокард қабынып, эндотелийдіњ үстінде тромбылар түзіледі. Субэпикардылыќ немесе трансмуральдыќ инфаркт дамыса, жүректің сыртқы қабаты ќабынып, фибринді перикардит өрістейді.

Некроздың көлеміне қарай, миокард инфарктісі ±саќошаќты, іріошаќты және трансмуральдыќ түрлерге бөлінеді.

Миокард инфарктісінің даму барысы (аѓымы) некрозды кезењнен және тыртыќтану деп аталатын кезеңдерден т±рады.

Некрозды кезењдегі инфаркт аймағын гистологиялық тәсілмен зерттегенде негізінен µлі ткань кµрініп, заќымдалмаѓан миокардтың ±сақ "үялары" тамырлардың төңірегінен ғана ±шырасады. Некрозды аймаќ толыќқанды тамырлармен және лейкоцит шоғырларымен шектеледі (демаркациялық ќабыну). Жүректің басќа жерлерінде де қанайналымы мен заталмасу процестері бұзылады. Тамырларға қан әртүрлі мөлшерде толып, қанды ошақтар пайда болады. Кардиомиоциттер гликогенінен айрылады, бірақ онда липидтер көбейеді. Б±лшықет клеткаларының митохондриялары мен саркоплазмалыќ торы ыдырап, кейбіреуі жойылады. Қанайналымы жүректе ѓана б±зылып ќоймайды, басқа ағзалардыњ да (мысалы, мидыњ) тамырлары ќанѓа біркелкі толмай, капиллярларында стаз дамиды, диапедездік қанды ошақтар қалыптасады.

Тыртыќтану (беріштену — организация) кезеңі лейкоциттерді макрофагтар мен фибробласт тектес жас клеткалар ыѓыстырѓан кезден басталады деуге әбден болады. Өйткені, макрофагтар цитоплазмасына липидтерді жинап, µлі тканьдердің қалдыѓын сіңіріп, өлескені жояды. Ферменттерінің белсенділігі өте жоѓары болѓандықтан, фибробласттар дәнекер ткань талшықтарын түзеді (фибриллагенез). Беріштену процесі инфарктіні шектейтін аймақтан да, некроз ошағындағы зақымдалмаѓан тканьдердің "±яларынан" да өрістеп, 7— 8 аптаѓа созылады. Дегенмен, беріштену мерзімі инфарктінің көлемі мен организмнің реактивтілігіне байланысты. Өскелең дәнекер ткань алғашќыда гарнуляциялық ткань тектес ж±мсаќ. Жетіле келе, ол жуан талшықты, тыѓыз тыртыққа айналады; заќымдалмаѓан тамырлардың төңірегінде ±лғайып, жуандаған б±лшықет "±ялары" байқалады. Фибринді перикардиттің салдарынан үлпершек қуысында бірікпелер түзіледі. Ол бірікпелерде қалыптасқан жас тамырлар жүректен тысқары жайѓасқан тамырлармен ±штасып, қан ағысына айналма (коллатераль) жол ашады да, миокардтың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Ақырында инфаркт ошаѓы беріштеніп, оның орнын тығыз тыртыќ (рубец) басып, іріошаќты кардиосклероз дамиды. Зақымдалмаған, әсіресе тыртықтың төңірегіндегі миокардта регенерациялыќ гипертрофия өрістейді.

Инфаркт мынадай процестермен асқынады: кардиогендік шок, жүрек ќарыншаларыныњ фибрилляциясы (жыбырлауы), асистолия, жүрек қызметінің жедел ағымды жеткіліксіздігі, миомаляция, жедел аневризма, жүректің жарылуы (жыртылуы), іргелік тромбоз және перикардит.

Миомаляция — миокардтаѓы өлі жерлердің жидіп, ыдырауы. Ол аутолиз басым болѓанда байқалады. Жүректің миомаляцияѓа ±шыраѓан жері жыртылып (жарылып), үлпершек қуысына қан құйылады (гемоперикард, ‰лпершек қуысыныњ тампонада (тыѓындалуы).

Инфаркт ауќымды болса, ол жер сыртқа қарай бұлтиып, жедел аневризмаѓа айналады. Аневризманың ішіне тромбылар түзіледі, эндокардының кей жерлері сетінейді. Сетінеген жерлер арқылы ќан кетіп, миокардты эндокардтан ажыратып, некроз жайлаған жерлерді жыртып та жібереді. Сөйтіп, ж‰рек жарылып, гемоперикард дамиды.

Іргелік тромбылар субэндокардылыќ жєне трансмуральдыќ инфарктіге тән; олар тромбылы эмболия синдромымен асќынуы мүмкін.

Перикардит, єдетте фибринді, көбіне субэпикардылыќ және трансмуральдыќ инфарктінің салдары ретінде дамиды.

Миокард инфарктісіне шалдыққандардың өлімі инфарктінің өзінен немесе оның әртүрлі зардаптарынан болады. Өлімнің тікелей себептері мынадай: ж‰рек ќарыншаларыныњ фибрилляциясы, асистолия, кардиогендік шок, ж‰рек ќызметініњ жедел жеткіліксіздігі. Даму барысында өлім қаупін туѓызатын, б±л аурудың бірќатар басқа да асқыну зардаптары бар: ж‰ректіњ өзі немесе жедел аневризмасы жыртылып, үлпершекке қан қ±йылуы; жүректегі инфаркт аймаѓы мен жедел аневризмада немесе жүректің қ±лақшасында түзілген тромбыдан тромбылы эмболия синдромы өрістеп, мысалы, мидың тамырлары тромбылыќ эмболмен бітеліп ќалуы да м‰мкін.

Дата добавления: 2015-08-05 ; просмотров: 37 ; Нарушение авторских прав

Анықтамасы: миокард инфарктісі -ол жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроздануы және жедел коронарлы қанайналымның жеткіліксіздігінен дамиды.

· жүрек бұлшықетінің зақымдалуы мен тереңдігіне;

· ауру дамуының түріне;

· МИ локализациясына қарай;

· аурудың сатысына қарай;

· МИ асқынуына байланысты.

Жүрек бұлшықетінің зақымдалу тереңдігіне және көлеміне қарай: трансмуралды және трансмуралды емес МИ.

Аурудың даму түріне қарай бөлінеді: біріншілік, екіншілік, қайталанған (рецидивті) МИ.

Біріншілік МИ –бұл науқас өмір тарихында және аспаптық тексерулер кезінде МИ –тың ешқандай белгілері бұдан бұрын анықталмаған жағдайда біріншілік МИ деп аталады.

ЕкіншілікМИ-бұл егер науқаста құжаттық мәліметтер бойынша басынан өткерген МИ анықталса және жаңа некрозды ошақтың нақты белгілері анықталса.

Қайталамалы (рецидивирленген) МИ –бұл клинико-лабораторлық және аспаптық белгілерімен жаңа некроз ошағы 72 сағаттан (3күн) 28 күнге дейінгі уақытта пайда болған немесе негізгі тыртықтану процессінің аяғында пайда болған МИ.

Орналасуына қарай МИ:алдыңғы септалді (алдыңғы перде); алдыңғы ұшы; алдыңғы бүйірлі; алдыңғы базалды (алдыңғы жоғарғы); жайылған артқы (септалды ұшы, бүйірі); артқы көкеттік (төменгі); артқы бүйірлі; артқы негізгі; жайылмалы алдынғы; оң жақ қарыншаның МИ.

Аурудың ағымы бойынша:

· аса өткір кезеңі-МИ басталғаннан кейін 2 сағатқа дейін;

· жедел кезеңі-МИ басталғаннан 10 күнге дейін;

· жеделдеу кезеңі-МИ пайда болғаннан 10-шы күннен 4-8 аптаға дейін;

· инфарктан кейінгі кезең- МИ пайда болғаннан 4-8аптадан кейін.

МИ –тың жиі жайылмалы асқынуларына жатады: жедел сол қарынша жеткіліксіздігі (өкпе ісінуі); кардиогенді шок; қарыншалық және қарынша үстілік ырғақ бұзылысы болады; өткізгіш бұзылысы (СА блокада, АВ блокада, Гис аяқшаларының блокадасы); жедел сол қарыншаның аневризмасы; сыртқы және ішкі миокард жыртылуы, жүрек тампонадасы; асептикалық перикардит; тромбоэмболия.

Шағымы және анамнезі – МИ негізгі клиникалық белгілеріне ангинозды ауыр-сыну жатады. МИ кезіндегі ангинозды ауырсыну жүрек қыспаға ұқсас. Бірақ ауырсыну күштірек және «тесіп», «ашытып», «пышақ сұққандай», «шаншып» сияқты сипатта болады. Ауырсынуды сезу толқын тәрізді дамиды, кезеңімен азаяды, бірақ ауырсыну толық басылмайды. Ангиналды ауырсынудың орна-ласуы көбінесе кеуде іші, сирек –сол жақ кеуде клеткасының жартысы немесе құрсақ үсті аймағында орналасады. Ангинозды ауырсыну сол жақ жауырынға, иыққа, сол жақ қолға тарайды, көбінесе таңертеңгілік уақытта, нитроглицерин әсеріне басылмайтын бірнеше сағатқа созылатын ауырсыну пайда болады.

МИ пайда болуының бастапқы кезінде пайда болатын басқада варианттар бар. Олар: демікпелік, абдоминалды, аритмиялық, цереброваскулярлы немесе симптомсыз.

· Демікпелік түрі –көбінесе МИ көлемді, қайталанған науқастарда кездеседі. Клиникасында жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі дамиды.

· Абдоминалды түрі-ауырсыну синдромының орналасуы диспепсиялық көрністерімен сипатталады. Көбінесе төменгі миокард инфаркты дамиды.

· Аритмиялық түрі-клиникалық көрнісінде айқын ырғақ және өткізгіш бұзылысы байқалса, пароксизмдер, суправентрикулярлы немесе қарыншалық тахикардия, толық АВ блокада дамиды.

· Цереброваскулярлы түрі-көбінесе егде жастағы науқастарда немесе бас қан айналысы бұзылған адамдарда боладыОл бас айналу,құсу кей-де–бас миының қанмен қамтамасыз етілу бұзылыстарының белгілері-мен сипатталадыКейде бұл шағымдар сирек немесе мүлдем болмайды.

Жедел МИ –тың симптомдарының сипаттамасы: ангинозды ауырсыну синдро-мы, инспираторлы ентігу, тері жамылғысы мен түсінің өзгеруі (бозарған, мра-морлы, цианоз), суық, жабысқақ тер; науқас қозғыштығы, қозғалыстың нашар-лауы, өлім үрейі, полиурия. Физикалды тексерулер: тері жамылғысының бо-заруы, суық тер, жүрек тондары көмескі; артериялық қан қысымы төмендеуі мүмкін, әсіресе систолалық, кейде артериялық қан қысымы аздап көтерілуі мүмкін немесе ИМ гипертониялық криз айясында пайда болуы мүмкін; тыныс алудың нашарлауы (ентігу, тыныс алу жетіспеушілігі).Лабораториялық тексе-рулер: экспресс тесттің көмегімен тропонин -Т анықтау. Аспаптық тексеру-лер: ЭКГ-жүрек бұлшықетінің некроз ошағын, оның тереңдігін және локализация-сын анықтайды. ЭКГ белгілерін келесі белгілермен көрсетеміз: патология-лық Q-тісшесі, R-тісшесінің амплитудасының төмендеуі, QRS-және Т –тісшелерінің дискордантты болуы, сол жақ Гис шоғыры блокадасы. Ал субэндокардиалды МИ-да ЭКГ да болатын өзгерістер: Q – тісшесі болмайды, 2 мм ST сегіментінің изо сызықтан төмен болуы.

Медициналық көмек көрсету тактикасы:

1. Ем мақсаты: өмірге қажетті мүшелер қызметін жақсарту.

2. Медикаментозды емес емдеу: физикалды және эмоционалды тыныштық.

3. Медикаментозды емдеу:

· нитроглицерин таблетка немесе аэрозоль түрінде 0,4-0,5мг сублингвалды түрде беру, эффект болмаса қайталау. Изокет-аэрозоль түрінде 1-2 дозада , әсер бермесе қайталау,

· ацетилсалицил қышқылы 325 мг шайнау;

· ауырсынуды басу: морфин, фентанил, прометазин, дроперидол, тромадол;

· коронарлық қан айналымды жақсарту үшін изосорбит динитрат 10 мг инфузиясын көктамыр ішіне тамшылатып;

· қарсы көрсеткіштер болмаса атенолол 50-100 мг көктамыр ішіне;

· стрептокиназа 1500000 ЕД көктамыр ішіне тамшы түрінде.

4. Ауруханаға зенбілмен тасымалданады.

Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің жедел бұзылыстары. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары

Жүрек аритмиясы – жүрек ырғағының, соғу жиілігінің және/немесе жиырылуының бұзылысы: жиі соғуы (тахикардия), ал баяу соғуы (брадикардия), уақытынан бұрын жиырылуы (экстрасистолия), ырғақтық жұмысының дезорганизациясы (жүрекше жыбыры) және т.б.

Тахикардия – үш немесе оданда көп кезекті жүрек циклының минутына 100 немесе оданда жоғары жиырылуы.

Тұрақсыз тахикардия – ұзақтығы 30 секундтан аз тахикардия. Тұрақты тахикардия

– ұзықтығы 30 секундтан жоғары тахикардия. Пароксизм – ұстаманың нақты басы мен аяғы бар тахикардияның ұстама тәрізді түрі.

Брадикардия – үш және одан көп жүрек циклының минутына 60-тан аз жиырылуы.

Инфаркт жайлы айтар болсақ, миокард инфарктінен бастағанымыз абзал. Миокард деген сөз қазақша «жүрек еті» деп, ал инфаркт — «сығылысу», «тығыздану» деп аударылады. Ол жүректі қоректендіріп тұрған қан тамырларының бірінің ішіне қан ұйып қалып, тамырдың бітелуі салдарынан өлеттенуі. Ол кенет пайда болады. Жүрек бұлшық етіне қан бармай, барса да кірден қойылып, жолы бітелген сайын бұлшық ет қорексіз қалып, өлеттенеді, не болмаса шіриді. Шіріген ет түрлі өзгеріске ұшырайды. Өлі еттенген жерге өлі ткандар өсіп, бірте-бірте жазылады. Кейде жүректің қан қысымы артып, шіри бастаған ет қабаты жарылып, адам кейде ажал құшуы мүмкін.

Бұл аурудың патологиялық ерекшелігі осындай. Клиникалық жағынан тексерер болсақ, бұл сырқат стенокардияға өте жақын. Дәрігерлер бұл ауруға тәжірибе жүргізгенде миокард инфарктісі болардан бұрын стенокардиямен ауыратыны белгілі болды. Ал оны тексере келе бұл екі аурудың пайда болуына отеросклероз себеп болады екен.

Миокард инфарктісі 40-60 жас аралығындағы адамдарда жиі кездеседі. Бұл аурумен дене еңбегін істемейтін, қан қысымы жоғары топтағы семіз адамдар ауырады.

Миокард ауруының алдында невроз => атеросклероз => гипертония => стенокардия ауруларынан өтіп барып, соңы миокардқа ұшырайды. Мысалы стенокардия қозбасы ұстағанда кеуде сүйегінің асты қатты шаншып ауырып, ауру ұшы сол жақ иыққа, сол жауырынға, қолға ауысып, ақсайды.

Бұл кезде жүрек қан тамырларынан қан жүрмей қалады. Егер қан бірер минуттан соң жүре бастаса, шаншу басыла бастайды. Бұл екі ауру өте ұқсас келеді. Оны электрокардиограмма тізбегін жасатқан соң ғана анықтайды. Сондықтан жүрек тұсы қатты шаншып, төс сүйектің асты қатты шаншьш ауырған кезде жедел жәрдем шақыру керек. Ауыру диагнозын дәрігер анықтауы керек. Аурудан алдын-ала сақтану жолдарына келсек, невроз, атеросклероз, гипертония бола бастағанда мирокардқа жеткізбей жүйелі түрде ем қабылдаған жөн.

Жүрек тұсы шаншып ауыра бастаса валидол, валлокардинді қантқа тамызып беру керек. Қан қысымы артып, ауырып жүрген, неврозға ұшыраған, көп қозғалмай тамақты шамадан тыс ішіп-жеген, шылымды көп тартатын адамдарда атеросклероз жиі болатын көрінеді. Атеросклероздың алдын алу үшін құрамында С, В6, В12 дәрумендері бар тағамдар, сүт тағамдарын жеткілікті түрде пайдалану қажет. Бұл тағамдардың құрамында холин және метионим деген холестеринге қарсы ферменттер бар. Холин мен метионим тағамдағы, қандағы холестеринді ыдыратып отырады.

Гипертония ауруы артериядағы қан қысымының көтерілуі. Гипертония ауруы кезінде жүрек бұлшық еттерін қоректендіріп тұратын артериялардың таралуы жиі кездеседі. Бұл тамырлардың тарылуы жүрек бұлшық еттерінің қоректенуін нашарлатады. Қоректік заттар мен оттегі жүрек бұлшық еттеріне қажетті мөлшерде жеткізілмегендіктен, олар өзгеріске ұшырай бастайды. Мұндай кезде кеуденің асты қатты қысып ауырады.

Жүректің қатты қысылуын стенокардия-жүректің талма ауруы деп атайды. Стенокардия-жүрек қан тамырларының атеросклероздануынан болған ауру. Гипертонияның асқынған екінші түрі миды қоректендіретін қан тамырларының зақымдануына байланысты. Мұндай жағдайды инсульт деп атайды.

Инсульт негізінен атеросклероз бен гипертонияның асқынуынан туындайтын ауру. Инсульт ауруының екі түрі бар. Мидың қан тамырлары атеросклерозға ұшырап, ол гипертонияға ұласып, тамырда қан ұйып қалады да, тамыр жолы бітеліп, миға қан бармай қорексіз қалса, ми зардап шегіп, ашығады да, адам есінен танып қалады.

Ал екінші түрі ми қан тамыры жарылып кетеді, онда мидың аз бөлігіне қан құйылады. Бұл жағдайда адамды ауыр халге душар етеді. Бұл стенокардия мен инсульт және атеросклероз бен гипертониядан басталған аурудың соңғы қатерлі сатылары. Құлаған адамды орнынан қозғамай, жедел түрде жедел жәрдем шақыру қажет.

Инфаркті халық емімен емдеу жолдары

Гипертонияға лимон, апельсин, грейпфрут емдік қасиеті өте жоғары өнімдер.

№1 ем.
3 лимонды қабығымен қосып тілгілеп, 3 бас сарымсақпен қосып 3 литрлік банкіге салыңыз, қайнаған жылы су құйып, жауып қойыңыз. 2-3 күн өткен соң жарты стақаннан күніне 2 мезгілден ішіп отырыңыз.

№2 ем
Сәбізді тазалап, 1 стақандай сөлін алыңыз. 1 стақан атқұлақтың сөлі, 1 лимон сөлі, 1 стақан бал алып, бәрін араластырып, 1 ас қасықтан тамақтан 2 сағат бұрын 3 мезгіл ішу керек.

№3 ем
Күн сайын грейпфруттың кез-келген түрін жеп отырыңыз. Онда калий өте көп. Ол гипертония мен инсультке өте ем.

№4 ем
Екі стақан суға лимон қабығын (кепкен түрі де болады) салыңыз. 30 минуттай әлсіз отта қайнатыңыз. 10 минут тұндырып, жарты стақаннан 3 мезгіл тамақтан 30 минут бұрын ішіңіз.

№5 ем
Гипертониямен ауыратындар жарты тілім лимонды қабығымен тәулігіне 3-4 реттен жеп отыру керек.

№6 ем
Инфаркт алған кісіге лимон мен қарағай қылқанынан жасалған сусын пайдалы. Ол үшін лимонды тазалап, майдалап, қылқанның суын құйыңыз. Бір ішіміне (доза) жарты лимон қажет. Қолдануы: тамақтан 1 сағат бұрын жұтып салу керек. Күніне 4 рет ішіңіз.

№7 ем
Жаңадан жиналған гүлі бар көктікеннен 100 гр. алып, 2 стақан зәйтүн майын немесе күнбағыс майын құйыңыз. Аузын жақсылап жауып, 20 күндей күннің көзіне қойып, сүзіп алыңыз. Қолдануы: Таңертең 1 шай қасықтан ішіп тұрыңыз. Инфарктан соң жүрек жұмысын қалпына келтіруге көмектеседі.

№8 ем
1 кг. бөріқарақаттың жемісін және 200 гр. сарымсақты ет шеккіштен өткізіп, 100 гр. бал қосып, араластырып, ыдыстың қақпағын жауьш, 3 күндей тұндырып қойыңыз. Қолдануы: Тамақтан бұрын 1 шай қасықтан күніне 2 рет ішіңіз.

№9 ем
1 стақан сұлыға 1 литр ыстық су құйып, отқа қойыңыз. Сүзіп алыңыз. Қолдануы: Тәулігіне жарты стақаннан ғана ішіңіз. Бірақ жұтып емес, күні бойы ас қасықтан ғана ішіп жүріңіз.

Читайте также:
  1. A) миокард инфарктысы кезінде
  2. D. Острый вирусный миокардит
  3. Билет 14. 3. Оптимизация двигательного режима у лиц, перенесших инфаркт миокарда, тестирующие пробы
  4. Биохимические показатели при инфаркте миокарда
  5. Идиопатиялық миокардит
  6. Коронарная недостаточность. Определение понятия, этиология (факторы риска), патогенез, клинические формы ИБС. Некоронарогенные некрозы миокарда.
  7. Осложнения инфаркта миокарда, неотложная помощь.
  8. Острая боль в груди является симптомом таких грозных заболеваний как инфаркт миокарда, стенокардия и др. и поэтому требует оказания неотложной помощи.
  9. Увеличение продолжительности диастолы (вследствие уменьшения частоты сердцебиений под влиянием тормозного тонуса блуждающего нерва) и увеличение растяжимости миокарда.
Читайте также:  Перед месячными высокий пульс

Комментарии
  1. Елена Петровна () Только что
    Спасибо Вам огромное! Полностью вылечила гипертонию с помощью NORMIO.
  2. Евгения Каримова () 2 недели назад
    Помогите!!1 Как избавиться от гипертонии? Может какие народные средства есть хорошие или что-нибудь из аптечных приобрести посоветуете???
  3. Дарья () 13 дней назад
    Ну не знаю, как по мне большинство препаратов - полная фигня, пустатая трата денег. Знали бы вы, сколько я уже перепробовала всего.. Нормально помог только NORMIO (кстати, по спец. программе почти бесплатно можно получить). Пила его 4 недели, уже после первой недели приема самочувствие улучшилось. С тех пор прошло уже 4 месяца, давление в норме, о гипертонии и не вспоминаю! Средство иногда снова пью 2-3 дня, просто для профилактики. А узнала про него вообще случайно, из этой статьи..

    P.S. Только вот я сама из города и у нас его в продаже не нашла, заказывала через интернет.
  4. Евгения Каримова () 13 дней назад
    Дарья, киньте ссылку на препарат!
    P.S. Я тоже из города ))
  5. Дарья () 13 дней назад
    Евгения Каримова, так там же в статье указана) Продублирую на всякий случай - официальный сайт NORMIO.
  6. Иван 13 дней назад
    Это далеко не новость. Об этом препарате уже все знают. А кто не знает, тех, видимо давление не мучает.
  7. Соня 12 дней назад
    А это не развод? Почему в Интернете продают?
  8. юлек36 (Тверь) 12 дней назад
    Соня, вы в какой стране живете? В интернете продают, потому-что магазины и аптеки ставят свою наценку зверскую. К тому-же оплата только после получения, то есть сначала получили и только потом заплатили. Да и в Интернете сейчас все продают - от одежды до телевизоров и мебели.
  9. Ответ Редакции 11 дней назад
    Соня, здравствуйте. Средство от гипертонии NORMIO действительно не реализуется через аптечную сеть и розничные магазины во избежание завышенной цены. На сегодняшний день оригинальный препарат можно заказать только на специальном сайте. Будьте здоровы!
  10. Соня 11 дней назад
    Извиняюсь, не заметила сначала информацию про наложенный платеж. Тогда все в порядке точно, если оплата при получении.
  11. александра 10 дней назад
    чтобы капли помогли? да ладно вам, люди, не дошла еще до этого промышленность
  12. Елена (Сыктывкар) 10 дней назад
    Случайно набрела на эту статью. И что я вижу!! Рекламируют наш NORMIO! Ну не в смысле мой, а в том плане, что я мужу его покупала. Он не знает, что я здесь пишу, но все-таки поделюсь. Это ж и моя радость, скорее даже полностью мое счастье! Короче, я вот тоже читала отзывы, смотрела как и что и заказала это средство. А то мой муж уже весь отчаялся, уже много лет было давление 180 на 110! Таблетки разные пил от этого у него с желудком проблемы были, а давление все равно было высокое. Решали чего дальше делать. А тут в общем начал NORMIO пить и теперь ура! Никаких проблем у него, давление в норме, всегда бодр и активен!
  13. Павел Солонченко 10 дней назад
    Подтверждаю, этот препарат действительно помогает! Вылечил свою гипертонию всего за 4 недели! До этого 4 года мучался от постоянного давления, головных болей и т.д. Спасибо большое!
  14. Юлия Л 10 дней назад
    С трудом верится... но столько людей говорит что работает, должно работать. Я завтра начинаю!
  15. Оксана (Ульяновск) 8 дней назад
    Хочу постараться избавиться от гипертонии побыстрее, а главное как-нибудь попроще и безболезненно, посоветуйте что-нибудь.
  16. Дмитрий (врач Кардиолог) 8 дней назад
    Валерия, лучший вариант - обратиться к врачу! Но если нет времени на поход в поликлинику, подойдет и NORMIO, который уже советовали выше. В последнее время многим его назначаю, результаты очень хорошие! Выздоравливайте.
  17. Оксана (Ульяновск) 8 дней назад
    Спасибо огромное за ответ, заказала!
  18. Наташа 5 дней назад
    У мужа гипертония, бегаем по врачам вместе. Люблю его, жизнь отдам за него, но никак не могу облегчить его страдания. Ладно, теперь Вы со своей историей появились, для нас появилась надежда. А то уже все перепробовали.
  19. Валера () 5 дней назад
    Совсем недавно хотел снова обратиться к врачам, уже к хирургу решился пойти, кругленькую сумму приготовил, но сейчас мне это не нужно! 2 месяца – и я здоров, прикиньте. Так что, народ, не дурите, никакие таблетки не по-мо-гут! Только это природное средство, других способов я не знаю, да и не хочу знать уже



Adblock detector